ОСК: AMANAT құжаттарын ұсынды

Amanat партиясы кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауына қатысты құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына ұсынды.

Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер болған жоқ. Айта кеткен жөн, күні кеше саяси бірлестіктің кезектен тыс съезі өткен болатын. Құрылтай қорытындысы бойынша аталған партия атынан Мәжіліс сайлауына 119 кандидат, мәслихаттар сайлауына 3821 кандидат қатысады. Өз кезегінде партияның атқарушы хатшысы партиялық тізімнің 75 процентке жаңарғанын айтты.

Елнұр Бейсембаев, "AMANAT" партиясының атқарушы хатшысы:

- Сайлаудағы азаматтарды ұсыну принципі жергілікті өкілдіктермен аймақтағы азаматтармен тікелей шешіледі. Ол үшін бізде бірінші бастауыш партия ұйымдарының қатарынан делегаттар сайланды. Олар аудандық, қалалық, облыстық деңгейде конференциялар өтті. Ол жерде бір емес, бірнеше азамат ұсынылған болатын. Дауыс ережесі бойынша осы тізімге енген азаматтардың барлығы өңірлерде жеңіп келген азаматтар.