Қазақстанға ЕҚЫҰ-дан байқаушылар келеді
Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан байқаушылар келеді.
Ұйымның басшысы сайлау күні 300 адам қысқа мерзімге, 32 байқаушы ұзақ мерзімге шақырылғанын айтты. Олар ел бойынша сайлау учаскелерінде бюллетеньдер ашу, дауыс беру, дауыстарды санау рәсімін қадағалайды. Ал қазір ұйым миссиясы уақытша кеңсесін ашқан. 32 ұзақ мерзімді байқаушы 15 ақпанда елге келеді.
Оуэн Мерфи, ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды қадағалау жөніндегі миссиясының басшысы:
- Қазақстанда сайлау процесіне енгізілген өзгеріс оң нәтижесін береді деп ойлаймын. Біз нақты пікірімізді сайлау аяқталған соң айта аламыз. ЕҚЫҰ миссиясы азаматтық және саяси құқықтарға қатысты заң бұзушылықтар болмауын қадағалаймыз.