Қазақстандағы Түркия елшілігі ақша аударуға арнайы есеп-шот ашады
Анадолы еліндегі ағайынға көмек көрсеткісі келетіндер Астанадағы Түркия елшілігіне хабарласуына болады.
Олар жақын арада арнайы есеп-шот ашып, номерін жариялайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Сондай-ақ ол азаматтарды әлеуметтік желідегі алаяқтардан сақ болуға шақырады.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
- Жедел желі ашылғаннан бері көптеген қоңыраулар түсіп жатыр. Біздің азаматтарымыз туған-туыстарын іздеп жатыр. Көбінесе сонда оқып жатқан жасөспірімдерімізді қыз-ұлдарын сұрап жатыр. Әрине бір-бірімен табыстырып, байланыстырып, көмек көрсетіп жатырмыз. Бірнеше азаматтар хабарласып, Түркия халқына қалай көмектессек деп сұрақтар да қойып жатыр. Түркияның Астанадағы елшілігі арнайы есеп-шот ашып, сол шотқа ақша жинайтын болды.