Дені саяси партиялар атынан ұсынылды. Қазір аймақта бір мандатты 1 сайлау округі құрылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Облыс Парламент Мәжілісіне депутат болуға лайық 1 үміткерді ғана таңдайды. Ал облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардан берілетін орындарға 794 үміткер таласады. Олар да – түрлі мамандық иелері. Ең жас кандидат – 21-де, үлкені – 66 жаста. Жалпы 19 наурызға белгіленген сайлау күні облыс бойынша 748 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
Әсия Дуанбаева, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
- Кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. 18 ақпан – тіркеу шараларының соңғы күні. Одан кейін кандидаттар сайлауалды үгіт-насихатты бастайды. Жалпы, осы саяси науқанға белсенділік танытқандар көп. Осының нәтижесінде бәсекелестік жоғары деңгейде болды деуге негіз бар.
