Еліміз Сирияға көмек жөнелтті

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі Сирияға, яғни жер сілкінісінен жапа шеккен халыққа көмек жөнелтті.

Республикалық бюджеттен 160 млн теңгеден аса қаржы бөлініп, жалпы салмағы 50 тонна жүк Сирияға жеткізілуге тиіс. Кеше Қазақстанның Ливандағы  елшілігі мен Сириядағы консулдықтың көмегімен алғашқы көмек жетіп үлгерді. Ал бүгін Алматы әуежайынан  екінші рейс жолға шықты. Ұлттық гвардияға тиесілі  Y8 (Ю8) ұшағына  12 тонна жүк тиелді. Онда зардап шеккен тұрғындарға ең қажетті заттар төсек-орын мен шатырлар, және жылы киімдер мен басқада қажетті заттар бар. Жүкті ұшақ бортына Төтенше жағдайлар министрлігінің 28 де 237 әскери бөлімінің жеке құрамы тиеген. Бұдан бөлек Алеппо қаласына тағы екі рейс барады. Сондай-ақ бүгін гуманитарлық көмекпен бірге Хабар 24 арнасының тілшілері де жолға шықты.

Григорий Беденко, «Хабар 24» арнасының тілшісі:

- Қазір міне 2018 жылы Қытайдан келген ұшақпен Алеппоны бетке аламыз. Мақсатымыз Сирия жеріндегі жағдайларды көзбен көріп, елімізге хабар тарату. Бұл Алеппоға бара жатқан гуманитарлық көмектің соңы емес. Барлығы 4 рейс болады деп жоспарланған. Енді тағы да осындай екі ұшақ Сирия халқына керекті заттарды жеткізетін болады. Жергілікті тұрғындардың қандай жағдай да екенін, тағы қандай көмек келіп жатқанын жаңалықтарда жеткізетін боламыз.