Жалпыұлттық социал-демократиялық партия тіркеуден өтті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мүшелері Орталық сайлау комиссиясының тіркеуінен өтті.

19 адамнан тұратын тізім жасақтаған саяси бірлестік қойылған квоталық талапты толық орындап шықты. Мүшелердің 31,6 проценті – әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Комиссия партия мүшелерін Конституция мен Сайлау туралы заңда көрсетілген талаптарға сай келуін тексеріп шықты. Олар өз тізімін ақпанның 2-сі күні жариялап, құжаттарын 6-сында тапсырып үлгерген.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:

- ЖСДП туралы мәліметтерді Қазақстан халық банкінен жіберуді тарсырамын. Және де партия сайлау қорын қалыптастыру үшін арнаулы уақытша шот ашуға құқылы, сонымен қатар осы партиялық тізімді тіркеу туралы хабарды ОСК ресми интернет ресурсында жариялауды тапсырамын. Тірклеген кандаидаттарға тиісті куәліктерін беруді сұраймын.

Мақсұт Насибулов, "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" РҚБ баспасөз қызметкері:

- Әр партияның жеңуі үшін, Парламентке өту үшін қатысады. Біз де осы жылы қатысуды жөн көрдік. Тіркеуден өттік. Өтеміз деген сенімдеміз. 19 үміткер бар тізімде. 19-ы да депутат болуға лайықты.