Түркиядағы Қазақстан құтқарушылары 7 адамды үйінді астынан алып шықты

Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінділер астынан 7 адамды алып шықты.

Құтқарылған тұрғындар қазір медицина қызметкерлерінің бақылауында. Сонымен қатар, 53 адамның мәйіті табылған. Олардың 4 -еуі бала. Бауарлас Түрік елінде зілзала бола салысымен президенттің тапсырмасымен көмекке 101 құтқарушы жіберілген. 1 миллион доллар қаржы бөлініп, ел ішінде жылу жинау жұмыстары басталған. Бүгінге дейін Түркияға ондаған тонна кимі-кешек, азық-түлік жеткізілді.