Саяси дода қарсаңында құқықтық мәдениет қалыптасуы керек – Штаб басшысы

Саяси дода қарсаңында құқықтық мәдениет қалыптастыру қажет.

"Адал сайлау үшін" штабының басшысы Серік Ақылбай осылай дейді. Штаб осыған дейін өңірлерде халықпен 25 кездесу өткізіп, сайлау заңнамасын түсіндірген. Бүгін саяси науқанды өткізу жоспарын талқылады. Мамандар кандидаттар мен сайлаушыларға олардың құқықтарын, сондай-ақ маңызды саяси оқиғаның негізгі ережелерін түсіндіруді құптап отыр. Республикалық штаб құрамында 7, ал өңірлерде -150 адам бар.

Серік Ақылбай, "Адал сайлау үшін" штабының басшысы:

- Сайлаудың ең демократиялық үрдісін кейінгі президент сайлауында және осы сайлауда көріп отырмыз. Қаншама адамдар тіркелді. 7 партия тіркелді. Ешкімді ешкім қудалап жатқан жоқ. Олардың ішінде оппазициялық партияларда бар. Сондықтан да тек заң көлемінде заңды сақтай отырып осы процесті жүргізуіміз керек. Ол үшін құқықтық мәдениет болу керек.