Оттавада Қазақстан-Канада қатынастарын дамытуға арналған жиын өтті

Былтыр Президент сайлауы кезінде Астанаға тәуелсіз бақылаушы ретінде  келген сенаторлар Виктор Оу мен Жан-Ги Да-жэнэ елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан – Канаданың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Сондай-ақ екі елдің атом энергетикасы, мұнай-газды терең өңдеу, көлік және логистика, сирек металдар өндіру және агроөнеркәсіптік кешені сияқты салаларда байланыс орнату мүмкіндігі мол.

Жан-Ги Дажэнэ, сенатор:

- Қазақстан – Канада сияқты көп этникалық және көпконфессиялы мемлекет. Жалпы, екі елдің ұлттық экономикасы, заң шығарушы органдары, басқару институттары мен демократиялық сайлау жүйелері құрылымдарының ұқсастығын да атап өткім келеді. Біз Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси ремформаларды құптаймыз.