Ақтөбе облысында 33 адам қар құрсауынан құтқарылды

Ақтөбе облысында 33 адам қар құрсауынан құтқарылды

Ақтөбелік полицейлер өткен түнде қар құрсауынан 33 адамды құтқарды.

Ресей азаматтары мінген екі  шағын автобус Қарабұтақ пен Комсомол елдімекендерінің арасында тұрып қалған. Инспекторлар жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Тәжікстаннан Ресейге бет алған көлік ішінде 3 бала мен 4 әйел болған. Барлығы Комсомол ауылындағы мешітке уақытша орналастырылды. Соңғы тәулікте облыста қар жауып, боран күшейіп тұр.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Ақтөбе облысы полиция департаменті жолаушылар мен жүргізушілерге ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты жолға шықпауға және де автокөліктерінде барлық керекті құралдарды алып шығуға кеңес береді.