28 ақпан күні елімізге АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы келеді

28 ақпан күні елімізге АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы келеді.

Энтони Блинкенді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екіжақты келіссөздер өткізеді. Сол күні Астанада Энтони Блинкен мен Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен кездесу өтеді. Жиында өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамыту тақырыбы талқыланады.