ҚХП штабы Көкшетау кірпіш зауытының ұжымымен кездесті

Қазақстан Халық партиясы республикалық үгіт-насихат штабының мүшелері Көкшетауда болып күйдірілген кірпіш шығаратын кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті.

Мекеме осы аймақтағы ірі компаниялардың бірі саналады. Оның негізі осыдан 10 жыл бұрын қаланыпты. Зауытта шығарылған қырылыс материалы еліміздегі тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар тұрғызуда кеңінен қолданылады. Басқосуда кандидаттар партияның тұғырнамасымен таныстырды және қоғамдық маңызға ие сұрақтар төңірегінде пікір алысты. Айта кетейік саяси ұйым өкілдері тек Ақмола облысының өзінде бүгінге дейін 50 астам кездесу өткізген.

Арман Тастамбеков, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ мүшесі:

- Негізінде бізде Ақмола облысында көптеген зауыттар бар. Тек ғана осы зауыт-фабрикамен шектелмей алдағы уақытта медицина саласының қызметкерлері, мұғалімдер мен ауылшаруашылығы қызметкерлерімен кездесу өткізеді.