Қазақстан Халық партиясының республикалық үгіт-насихат штабы Өскеменде тау-кен металлургия кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті.
Ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев кеншілердің тілегін тыңдап, сайлауалды тұғырнаманың негізгі тұстарын айтып берді. Үгіт-насихат тобының мүшелері Ішкі істер министрлігінің жергілікті ауруханасына да барды. Сапар аясында кандидаттар жергілікті су электр станциясында болды. Штаб мүшелері мекеменің техникалық жай-күйімен танысып, жұмысшыларымен тілдесті.
Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ төрағасы:
– Шығыс Қазақстан облысында үлкен еңбек ұжымдарымен кездесу өткізудеміз. Жалпы осы өңірдегі қызметкерлердің еңбек жағдаймен танысып, оларды алаңдатқан түрлі сұрақтар бойынша пікір алмастық. Екі күн ішінде 7-8 мекемеде болдық.
