«Байтақ» партиясының штабы Сәтбаевта дәрігерлермен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясы Ұлытау облыстық филиалы мен өңірлік штаб басшылығы Сәтбаев қаласында дәрігерлермен кездесті.

Саяси құрылым өкілдері қызметкерлерге саладағы адал еңбек пен ерік-жігерлері үшін алғыс білдіріп, партия тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Алдағы науқанның маңыздылығын түсіндіріп, дәрігерлер қойған сұрақтарға жауап берді. Партия өкілдері алдағы күндері Қаражал қаласы мен Жаңаарқа ауданы тұрғындарымен кездеспекші.

Марғұлан Ермағанбетұлы, «Байтақ» жасылдар партиясы облыстық штабының жетекшісі:

- Жалпы байқағанымыз халықтың ынтасы үлкен. Сайлауға белсенді қатысуға дайын. Әрине, бұл тұрғыда біз партияның бағдарламасын түсіндірдік, жеткіздік.