«Ақ жол» партиясының мүшелері Қарағанды халқымен кездесті

Ақжол партиясының кандидаттары үгіт-насихат жұмысын Қарағанды облысында жалғастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдымен өңірдегі ірі өндіріс орнында мамандармен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді. Сондай-ақ қалалық аурухананың дәрігерлеріне де саяси ұйымның бағдарламасы кеңінен баяндалды. Кандидаттар ақхалаттылардың өтініш-тілектерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Жиында әлеуметтік-саяси мәселелер кеңінен талқыланды. Бизнес бастамалар, кәсіпкерлікті дамыту жайы қозғалды.

Сапар соңында ақжолдықтар қала халқымен кездесіп, әдептен жаңылмай бағдарламаларын баяндады. Ел-жұрттың сұрақтарына жауап беріп, тарқасты.

Партия кандидаттары елдің барлық өңірін аралауды көздеп отыр.