Қ.Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия ұшақ апаты болған жерге барды
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты орнында жұмысын бастады.
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Ақтауға келіп, төтенше жағдай болған жерге барды. Қанат Бозымбаев ауруханаға жеткізілген зардап шеккендерге барып, олардың хал-жағдайын білді.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Ең бастысы аман қалған осы 29 адамның өмірін сақтап қалуымыз керек. Мемлекет басшысы, Премьер Министр бұл жағдайды бақылауда ұстап отыр. Комиссия барлық мән-жайды анықтайды. Оның құрамында барлық қажетті мамандар - криминалист-эксперттер, осы саланың білікті мамандары бар.