ЖСДП мүшелері елордалықтарға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Саяси ұйым мүшелері волонтерлермен бірге елорда көшелерін аралап, көпқабатты үйлердегі хаттама жәшігіне плакаттарын орналастырды. Тұрғындар көп шоғырланған жерлерге парақшаларын таратып, жолаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Республикалық штаб басшысының айтуынша, үгіт жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр.
Айдын Сәрсембаев, ЖСДП мүшесі:
- Бүгін біз Астанада тұрғындарға сайлауалды бағдарламамызды түсіндірдік және де біздің үгіт-насихат материалдарымызды қоғамдық көліктерде таратып шықтық. Волонтерлеріміз көп, мыңнан асады. Олар бізге көмектесіп жатыр.