ҚХП өкілдері Шымкентте фабрика ұжымымен кездесті

Қазақстан халық партиясының өкілдері өңірлердегі үгіт-насихат шараларын жалғастыруда.

Олар бұл жолы Шымкенттегі классикалық киімдер фабрикасында болып, еңбек ұжымымен кездесті. Кандидаттар мекеменің өндіріс барысымен бастан-аяқ танысып, тігіншілермен тілдесті. Саяси ұйым өкілдері жұмысшыларға сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оларды толғандырған сауалдарына жауап берді.

Бейбіт Мейірманова, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ мүшесі:

-  Өзгеде еңбек ұжымдарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдап, партиямыздың бағдарламасын әрі қарай да таныстыруды жоспарлап отырмыз.