«Ақ Жол» партиясының штабы Қостанайға барды

«Ақ Жол» партиясынан кандидаттар Қостанай қаласына барды.

Жергілікті кәсіпкерлермен тілдесіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Ет өндіретін ірі комбинаттың біріне барып, мамандармен кездесті. Партия төрағасы ұйымның тұғырнамасын таныстыра отырып, кәсіпкерлік субъектілердің даму жағдайын білді. Кандидаттар қаладағы тағы бірнеше фабрика- зауытты аралады. Партия өкілдері үгіт-насихат аясында бүгінге дейін бес мыңнан аса кездесу өткізді.

Азат Перуашев, «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- «Ақ Жол» партиясы өз сайлауалды осы іс сапарларын жалғастырып жатыр. Алдымен Оралда, Ақтөбеде болғаннан кейін міне Қостанай облысына келіп отырмыз. Міне бүгін ет комбинатына келдік, одан кейін тағы үш еңбек ұжымын аралап шығайын деп отырмыз.