Алматыда «Байтақ» партиясы веломарафон ұйымдастырды

Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері мен жас спортшылар веломарафон ұйымдастырды.

Іс-шараға қатысушылар мәдениет және демалыс саябағынан бастап, шаһар көшелері арқылы 10 шақырымды бағындырды. Веломарафоннан кейін саяси ұйым мүшелері спортшылармен әңгімелесіп, партия бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Саяси науқанның мән-маңызына тоқталды. Жалпы Алматы қаласы бойынша Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша 3 кандидат тіркелген. Мәслихат сайлауында 13 үміткер бақ сынайды.