ЕҚЫҰ бюросы сайлау жүйесінің реформасын оң бағалады

Қазақстандағы сайлау ережелері Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның ұсынымдарына сай келеді.

Халықаралық сарапшылар еліміздегі сайлау жүйесінің реформасын оң бағалады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Парламент сайлауын байқау жөніндегі миссиясы аралық есебін жариялады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, еліміздің Орталық сайлау комиссиясының жұмысы да оң бағаланды. Халықаралық сарапшылар өңірлерде сайлау науқаны қызу жүріп жатқанын атап өтті. Байқаушылар есебінің толық мәтінін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайтынан көруге болады.