Заңға «Келісімшартты қызметшілер» ұғымы енгізіледі

Бұдан былай «Келісімшартты қызметшілер» деген ұғым, тиісті заңға енгізіледі.

Бұл салалық жобаларды іске асырғанда, кәсіби білімі бар мамандарды тартуға мүмкіндік береді. «Өйткені қазір мемлекеттік органдарда арнайы салалық білімі бар мамандар тапшы», - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. Дархан Жазықбаев сырттан тартылатын азаматтармен бір жылға дейін келісім шарт жасалатынын айтты. Бұған қоса, агенттік мониторинг жасап, қай салада қандай маман жетіспейтінін анықтамақ. Кейін Үкімет бекіткен маңызды жобалар тізімі бойынша олар «Келісімшартты қызметшілер» ретінде жұмысқа тартылады.