Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов сотталды

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов сотталды

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды.

Мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысына осындай үкім шығарды. Енді Бектанов жазасын  қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Бұрынғы министрдің ісі "құпия" грифымен жүргізілгендіктен өзге мәлімет жарияланбады. Еске сала кетейік, Мұрат Бектановтың үстінен қылмыстық тергеу былтыр 19 ақпанда басталған еді.