ҚХП өкілдері Атырау мұнай зауытына барды

Қазақстан Халық партиясының өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытында болды.

Қазір мұнда 4 мыңнан астам адам еңбек етеді. Кандидаттар зауыттың бас кеңсесінде болып, тыныс-тіршілігімен танысты және еңбек ұжымымен кездесті. Жиын барысында партиялықтар тұғырнамасының басым бағыттарына тоқталды. Қоғамдағы өзекті тақырыптар да көтерілді. Саяси науқан басталғалы өңірде 50-ден  астам үгіт-насихат шарасы өткізілді. 

Гүлсім Биташева, "Қазақстан халық партиясы" ҚБ мүшесі:

- Қазақстан халық партиясының үміткерлері тұрғындармен кездесіп, өздерінің алға қойған мақсаттарын, партияның бағдарламасын түгелімен таныстырып ауыл-аймақтың бәрін аралап келе жатырмыз. Оның ішінде Индер, Маханбет, Жылыой аудандарына бардық. Исатай.