«Ақ жол» партиясынан кандидаттар Көкшетауда болды

Аймақтағы 1000-нан аса адам жұмыс істейтін ең ірі өндіріс орнын аралады.

Жұмысшылармен кездесіп, саяси ұйымның бағдарламасын таныстырды. Партия Төрағасы Азат Перуашев 20 жылдан бері нарықтағы ірі зауыттың болашағы зор екенін айтты. Мұнан соң кандидаттар ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауытқа барды. Ондағы еңбек ұжымымен кездесіп, тұғырнамасын таныстырды. Сұрақтарға жауап берді. Партия өкілдері көкшедегі бірнеше кәсіпорынды аралады. 

Азат Перуашев, "Ақ Жол" демократиялық партиясының төрағасы:

 - Өндіріске келсек, бұл жерде бұрынғы кезде кейбір зауыттардың жағдайы шын айтсам қуантып жатыр. Себебі бұрынғы кезде екі үш цех қана болатын қазір қарасақ жаңа цехтар, жаңа өндірістер ашылып жатыр, құрылғылар алып келіп оны да салып отыр.