ЖСДП Астанада сайлаушылармен кездесті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан депутаттыққа кандидаттар елорда тұрғындарымен кездесті.

Жиылғандардың арасында жастар мен көпбалалы аналар бар. Азаматтар алаңдатқан проблемалары бойынша сұрақ қойып, жауап алды. Сондай-ақ партия мүшелері өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді. Үгіт-насихат жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасып жатыр.

Мақсұт Насибулов, ЖСДП мүшесі:

 - Бүгін 60-70 шақты жастар жиналды, жас отбасылар. Көптеген мазалаған сұрақтары көтерілді. Көптеген жастардың мәселесі көтерілді.