Президент Жолдауындағы тапсырмалар қалай орындалды?

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауына бірер күнде бір жыл болады. Онда жүктелген тапсырмалардың орындалуы Ақорданың ресми телеграм парақшасына жарияланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көптің қызығушылығын тудырған бағыттың бірі: «Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде рәсімдеу ұсынылған. Мұндай тыйым Орталық сайлау комиссиясының, есеп комитетінің және Конституциялық кеңес төрағалары мен мүшелеріне, әкімдер мен олардың орынбасарларына да қатысты болатын. Тапсырма сол жылдың 8 маусымында орындалып, тиісті заң қабылданды. 43 баптың 3-ші тармағына сай Президент саяси партия құрамында болмайды. Ал осы баптың 4-тармағына сай мемлекет басшысының жақын туыстарына мемлекеттік саяси қызметшілердің квазимемлекеттік сектор субъектілері басшысы болуына заңмен тыйым салынды.