«Ауыл» партиясының облыстардағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр

«Ауыл» партиясының облыстардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр.

Кандидаттар Ұлытау облысында сайлаушыларымен кездесіп, саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндірді. Жиынға қоғам қайраткерлері, мәдениет өкілдері мен ақсақалдар қатысты. Ауылдардағы қызмет көрсету сапасын қала деңгейіне көтеру амалдары талқыланды. Ал Павлодар облысындағы жұмыс тобы Локомотив жөндеу зауытына барып, жұмысшыларымен әңгімелесті. Жастарды еңбекке баулу шарттары жөнінде сөз болды. Кәсіпорындағы еңбек жағдайымен танысып, сайлауға қатысудың маңыздылығы туралы айтылды. Делегация өкілдері ертең Қызылорда қаласындағы шараға қатысады.

Самат Өскенбаев, локомотив жөндеу зауытының директоры:

- Менің ұжымымда 180 адам жұмыс істейді. 19-ы болатын саяси науқанға қатысамыз. Өз таңдауымызды жасаймыз. Парламентте қабылданатын заңдар халыққа жұмыс істейді деп сенеміз. Сол үшін біз сайлауға барамыз.