AMANAT партиясының штабы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

AMANAT партиясының сайлауалды штабы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті.

Партиялықтар Болат Нұржанов атындағы Екібастұз-1 мемлекеттік аймақтық электростанциясы ұжымымен жүздесті. Жиында еңбекақыны индекстеу және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Екібастұз тұрғындарымен де кездесу өткізді. Аманаттықтар партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтТы.

Елнұр Бейсенбаев, AMANAT партиясының атқарушы хатшысы:

 - Сіздердің әрқайсыңыз тек қана қызметкер емессіздер. Сіздер осы қаланың тұрғынысыздар. Кешке үйге баратын, бәріңіз жұмыстан шаршап келген кезде жылы үйде, бала-шағаларыңызбен бірге ыстық шай ішіп, тыныш өмір сүргіміз келеді. Ол үшін барлығымыз бірге атсалысуымыз керек.