ҚХП Алматыда бейбіт митинг өткізді

Қазақстан халық партиясы Алматыда бейбіт митинг өткізді.

Демалыс алаңында ұйымдастырылған шараға 500 жуық тұрғын қатысты. Саяси ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев партияның сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Шара аясында мегаполистегі түйткілдерді шешу жолдары талқыланды. Шаһар іскерлік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде қарқынды дамып келеді. Кандидаттар оның болашақ келбетін жоспарлайтын мекемелердің біріне барды. Партиялықтар сәулеткерлерге сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, тілегін тыңдады.

 Алуа Кетегенова, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ мүшесі:

 - Партияның Алматы қалалық филиалы саяси науқан басталғалы 200-ден астам іс-шара өткізді. Оған 25 мың адам қатысты. Мақсатымыз сайлаушыларға өз бағдарламамызды қарапайым тілмен жеткізу. Сол үшін түрлі сала өкілдерімен кездес ұйымдастырылуда.