ОСК төрағасы елшілермен кездесті

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров елшілермен кездесті.

Брифинг кезінде Парламенті Мәжілісі және  Мәслихат депутаттарының кезектен сайлауына дайындық барысы туралы айтылды. Заңға сәйкес сайлау жаңа электоралды ережелер мен нормалар бойынша өтеді.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың әділ әрі ашық түрде өтуіне күш салады. Бұл біздің еліміз үшін аса маңызды саяси науқан. Саяси бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік беріліп отыр. Оның үстіне бұл сайлау елімізде болып жатқан саяси реформалар мен жүйені жаңғырту шараларын қорытындылайды. Бұған қоғам ерекше назар аударып отыр.