«Байтақ» партиясының өкілдері сайлаушыларымен кездесулерін жалғастырды

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері сайлаушыларымен кездесулерін жалғастырып жатыр.

Бүгін партия белсенділері жас жазушы Жәмиля Бахтиярқызының студенттермен кездесуін ұйымдастырды. Он жыл өмір үшін күрескен қаламгер «Бәйшешек» кітабындағы мотивациялық ойларымен бөлісті. Ал «Байтақ» өкілдері жастарға денсаулықтың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар саяси ұйым өкілдері сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Қайрат Айтбай, "Байтақ" жасылдар партиясы республикалық штабының басшысы:

 - Өзіміздің партиямыздың атынан, басшымыздың атынан шығармашылық табыстар тіледі. Біздің партиямыздың бағдарламасына сәйкес келіп отыр. Біз оған түсіндіріп айттық өзіміздің бағдарламамызды. Ол өзінің кітабының мазмұнын түсіндіріп айтты.