Сайлау күні Ресейдегі қазақстандықтар бес қалада дауыс бере алады

Учаскелік сайлау комиссиялары Омбы, Астрахань, Қазан, Санкт-Петербургтегі еліміздің Бас консулдықтарында, ал Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде жұмыс істейді.

Ресми түрде аталмыш сайлау учаскелері Астананың Есіл ауданына қарайды. Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, шет елдерде жүрген азаматтарымыз да дауыс бере алады.

Руслан Шаймағанбетов, №265 сайлау учаскесінің хатшысы:

- ҚР азаматтары таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Қазіргі уақытта Мәскеу қаласы бойынша консулдық есепте 1500 адам тіркелген. Ресей аумағында болатын Қазақстан азаматтары да елшіліктің немесе консулдықтың сайтында тіркеле алады.