Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның елордаға бұл сапары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін айтты.

Сондай-ақ адам құқықтарын қорғау бойынша тығыз қарым-қатынас орнатып, ақпарат алмасуға дайын екенін жеткізді. Қазақстан ұйымның негізгі конвенциялары мен хаттамаларын толық ратификациялап, ұлттық деңгейде белсенді әрекет етті. Кездесуде елде жүргізіліп жатқан реформалар да айтылды. Фолькер Тюрк ұйымның Қазақстан билігімен қарым-қатынасына оң баға берді. Сондай-ақ Жоғарғы комиссар Президенттің бастамасымен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің уақтылы қолға алынғанын атап өтті.