Шет елдерде 12 мың қазақстандық дауыс береді

Еліміздегі сайлау барысын бүкіл әлем бақылап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы әрі ресми ақпараттарды 30-дан аса шетелдік БАҚ өкілі таратып жатыр. Сайлау учаскелерінде 40 шетелдік және 12 халықаралық ұйымнан 800-ден аса байқаушы жұмыс істеп жатыр. Шетелдік сайлау учаскелерінде де отандастарымызға конституциялық құқығын кедергісіз пайдалануға мүмкіндік жасалған. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, олар 62 мемлекетте орналасқан 77 учаскеде дауыс бере алады.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Шетелдегі сайлау учаскелерінде 12 мыңнан аса отандасымыз дауыс береді. Қазір 25 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың көбі біздің уақыттан бұрын ашылып үлгерді. Сайлаушыларымыздың белсенділігі өте жоғары.