Халықаралық байқаушылар: Қазақстанда демократия институты нығайды

Жылдан жылға Қазақстанда демократия институтының нығайып келе жатқаны байқалады. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі бас хатшысының орынбасары Чи Фан осындай мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, ұйым өкілдері бұған дейін өткізілген науқандарда да байқаушы ретінде жұмыс істеген. Сол себепті осындай қорытынды жасай аламыз, - деді Чи Фан.

Чи Фан, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің өкілі:

- Бүгін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің өкілдері бірнеше сайлау учаскесін аралап шықты. Күн райының құбылмалы болғанына қарамастан дауыс берушілер көп болды. Отбасымен бірге келетіндер де аз емес. Жастар да болды. Менің байқауымша, елде демократия деңгейі артты. Жұрт өз құқықтарын жақсы біледі. Әркім таңдауын жасағысы келеді.