«Ақ жол» партиясының төрағасы дауыс берді

«Ақ жол» партиясының Төрағасы Азат Перуашев 122-ші сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бүгінгі күн ел үшін маңызды екенін атап өтті. Саяси науқанға атсалысқан штаб мүшелеріне алғысын білдірді.

«Ақ жол» партиясынан мәжіліс депутаттығына 54 кандидат ұсынылып жатыр.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Енді алдымен баршамызды осы бүгінгі сайлаумен құттықтаймын. Бұл расында да, меніңше, Жаңа Қазақстанға қадам. Әрі қарай, Президент Тоқаев айтқандай, басқа да реформалардың, өзгерістердің жаңа бір толқыны болайын деп отыр.