Қ.Тоқаев гимнасттарды құттықтады

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов спорттық және батут гимнастикасынан Әлем кубогінң кезеңдерінде алтын медаль жеңіп алған қазақстандық атлеттер Нариман Курбанов, Милад Карими, Пирмаммад Алиев және Данил Мусабаевпен кездесті.

Ведомство басшысы ел президенті атынан гимнасттарға құттықтау хатын табыстады. Іс-шараға жаттықтырушылар мен медицина қызметкерлері қатысты. Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова өз кезегінде мемлекет тарапынан гимнасттарға көрсетілетін қолдаудың маңыздылығын айтып, спортшыларымыздың олимпиадалық лицензияларды жеңіп алу мүмкіндігіне баға берді. 

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Осыдан 2 апта бұрын Президент қабылдауында болдым. 20 жыл бойы тұралап қалған жобаны жүзеге асыру идеясын мақұлдады. Биыл қыркүйек айының соңына дейін Алматы қаласының іргесінде Олимпиадалық даярлау орталығын салып бітіреміз деген ойдамын. Орталықта Олимпиада ойындарының 23 спорт түрі бойынша дайындайтын бірыңғай база болады. Бір мезетте 2 мыңнан астам спортшы жаттыға алады.