Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылды
Қазақстан Президенті Үкіметтің отставкасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді ведомство басшылары министрлер кабинеті жасақталғанға дейін міндетін атқарушы ретінде жұмысын жалғастырады. Мемлекет басшысы тиісті қаулыға қол қойды.
Еске сала кетсек, Конституцияға сәйкес Мәжіліс қайта сайланған кезде атқарушы биліктің өкілеттігі тоқтатылады.