Маңғыстау облысының әкімі халыққа үндеу жасады
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарға үндеу жасады.
Ол аймақ халқын тыныштық сақтауға және жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеуге шақырды. Сондай-ақ Нұрлан Ноғаев барлық мәселелер заң аясында шешілуі тиіс деді.
Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:
- Құрметті маңғыстаулықтар! Қадірлі жерлестер! Бұл жағдайдың баршамыздың көңілімізге қая түсіріп отырғаны жасырын емес. Осы сәтте біз ашу үстінде асығыс шешім қабылдамай, сабыр сақтағанымыз жөн. Біз кез келген түйткілді мәселе мен қиындықтарды ақылмен шешіп, абыроймен алып келеміз. Біз бұл жағдайдың тек заң шеңберінде әділ шешілгенін қалаймыз. Баршамыздың мақсатымыз бір - ертеңгі күнге деген сенімділік пен елдің амандығы, жұрттың тыныштығы.
Кеше Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдында бір топ адам наразылық акциясын өткізген еді. Олар "ҚазГерМұнайдың" еншілес кәсіпорныны «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қызмет көрсету бойынша тендерде жеңіліп қалған ұйымның қызметкерлері. Жиналған азаматтар тұрақты жұмыспен қамтуды талап етіп, ҚазмұнайГаз компаниясының өкілдерімен кездесті. Наразылық акциясы рұқсатсыз өткендіктен, артынша қамауға алынған. Ал бүгін жұмысшылар Жаңаөзенге қайтты. Олар видеоүндеу жазып, келіссөз жүргізуге Елордада 10 адам қалатынын мәлімдеді.
Жұмысшылар Жаңаөзенге қайтты
- Біз Жаңаөзен қаласының мұнайшылары Әділдік іздеп Астана қаласына келген болатынбыз. Енді осы мәселені кеше көріп отырған желідегі жағдай, біз дін аманбыз, деніміз сау, балдарымыз түгел. Қазір бұйырса ауылымызға аттанамыз. 10 адам болып бұйырса оговоркыге қаламыз.