Құмар ойынына тәуелді әрбір бесінші адам суицид жасаған
2022 жылы 157 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалған.
Оның 31 мыңнан астамы құмар ойындар негізінде жасалған. Бұдан бөлек былтыр 3676 суицид фактісі тіркелген. Оның әрбір бесіншісін құмар ойындарға тәуелділер жасаған. Бүгін парламент қабырғасында осындай статистиканы келтірген мәжіліс депутаты Руслан Берденов үкімет басшысы Әлихан Смайыловты елде белең алып бара жатқан лудомания мәселесін шешуге шақырды.
Руслан Берденов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2022 жылы ойын бизнесынан біздің үкіметке 109 млрд теңге салық түсті. Бұл ретте бір адамға шаққанда лудоманияны емдеу курсы орта есеппен 400 мың теңгенің құрайды. Қазіргі таңда елімізде 350 мыңға жуық адам бар екенін ескерсек, оларды емдеуге 1 жылда 140 млрд теңге қажет болады.