Қазақстан-Қырғызстан құқықтық байланысы. LIVE
Қазақ-қырғыз арасындағы құқықтық байланыс нығаяды.
Бүгін мәжіліс отырысында бауырлас елдер арасындағы құқықтық көмек туралы хаттама ратификацияланды. Құжат екі ел азаматтарының құқығын қорғауға бағытталған.
Бекзат Аманов, тілші:
Қайырлы күн, Марал. Рақмет. Иә, Қазақ-Қырғыз арасындағы құқықтық байланыс нығаяды. Бәріміз білеміз, екі елдің ауылы аралас, қойы қоралас. Бауырлас мемлекет болған соң, азаматтарымыз да бір-бірімен тығыз байланысады. Өткен жылы Қырғыз мемлекетінен Әділет министрлгіне 305 өтініш түскен екен. Оның 28-і Қазақстан азаматтығына қатысты болса, 103-і АХАЖ ға қатысты. Енді осы екі ел арасындағы құқықтық байланысқа өзгертулен енгіщетін хаттама ратифиаацияланды. Құжат Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының құқықтарын қорғауға және саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Әділет министріның айтуынша, Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді. Біздің елде 13 Еуропа мемлекетімен құқықтық көмек туралы келісімі бар айтылды. Бұл алдағы уақытта әр салада ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы тиісті комитет депуттары да отырыста айтқан еді.
Данабек Исабеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Сондай-ақ отырыста депуттар Маңғыстау облысындағы мұнайшылар жағдайын да көтерді. Осы өңірден сайланған Еділ Жаңбыршин, Маңғыстаудың жарасы көп дейді. Оның айтуынша, тендердегі түйіткілдер мұнайшылардың мұңына айналды. Баға демпингісі көптеген мәселеге әкеп соғуда. Осыған орай Үкімет басшысынан, баға демпингісіне шектеу қою ұсынылды. Мысалы, тендер кезінде бағаны 10 пайыздан төмен түсірмеу керек. Екінші, сервистік компаниялармен көпжылдық келісім-шарттарға отыруды талап ету керек дейдә. Сонымен қатар, тендерде еңбек ақы қоры және әлеуметтік пакет бөлек көрсетілу ұсынылды. Осы мәселлер мұнайшылардың мәселесін шешетініне сенімді. Тағы бір айта кететін жайт, құмар ойындардың жарнамасын шектеуді екі депутат бірден ұсынды. Олардың мәліметіне сенсек, соңғы 3 жылда құмар ойынына қазақстандықтар 1 трлн теңге жұмсаған. Иә, талай отбасының базынасвна айналған мәселе шынымен ушығып барады. Депутаттардың ұсынысын алдағы уақытта толығырақ айтып беремін.