Қазақстан мен Қырғыз Республикасы өзара қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі
ТМД Парламентаралық сессиясының екінші күнінде Сенат Төрағасы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Шакиевпен де кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мәулен Әшімбаев өңіраралық өзара іс-қимылды одан әрі күшейту перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталды. Тараптар бірлескен жобалардың тиімділігіне назар аударып, елдер арасындағы саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыруға мүдделі екендерін білдірді.