Ә. Смайылов 26 сәуірде Иран Ислам Республикасына барады

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 26 сәуірде Иран Ислам Республикасына барады.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің кезекті брифингінде айтылды. Сапар бағдарламасында Иран Президенті Ибрахим Раисимен және елдің бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездеседі. Жалпы, екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 20 пайызға артып, 528 млн долларға жетті. Бұл аздық етеді. Қос тарап алыс-берісті енді 3 млрд долларға жеткізбек. Осы орайда Қазақстан Иран нарығына 250 млн доллардың 75 түрлі тауарын апаруға ниетті.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Сапар шеңберінде Иран Ислам Республикасына қазақстандық сауда-экономикалық миссиясы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бірқатар ведомствоаралық меморандум мен бизнес келісім-шарттарға қол қойылады деп күтілуде.