АЛЖИР музейінде Темірбек Жүргеновтің мерейтойына арналған жиын өтті

Ақмола облысындағы Алжир музейінде мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай жиын өтті.

Іс-шараны Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейі мен Алжир музейі бірлесіп ұйымдастырған. Қайраткердің жары Дәмеш Ермекова жазықсыз осы лагерьде жазасын өтеген. Жиында Алаш арыстарының әйелдері туралы тарихи деректер айтылды. Музей ішінде экскурсия жасалып, ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды. Шараға арнайы шақыртумен Темірбек Жүргеновтің туысы мен келіні қатысты. 

Сәби Аңсат, Т.Жүргенов қоғамдық қор төрағасы:

- Бүгін міне Ақмол деген ауылға келіп Алжир тарихи мемориалдық музейіне келіп Темірбек Жүргеновтің жары Дәмеш Ермекова Жүргенованы еске алу шарасына қатысуға Қызылордадан арнайы келіп тұрмыз. Жалпы Жүргеновті биыл Түрксойдың шешімімен Түркі әлемі елдері үшін Жүргенов жылы деп жарияланды. Сол жариялануына сәйкес Жүргенов халықаралық деңгейді аталып өтіп жатыр.

 Сапар Көзейбаев, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы:

- Жалпы негізгі мақсатымыз осы Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейі және Алжир мемлекеттік музейімен бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын алдағы уақытта жүргізу. Сонымен бірге түрлі конференциялар шаралар. Сонымен бірге осы аса көрнекті Темірбек Жүргеновті әлде де зерттеу жұмыстары біздің алдымызда мақсат боп тұр.