Татулық барлық жерде дәріптелуі тиіс

«Біз бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз.

Әрине бұл дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі. Осылай деген Мемлекет басшысы татулықты барлық жерде, ту етуге үндеді.

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Бұл жалаң ұран емес, әр азаматтың күнделікті ұстанымы болуы керек.