Парламентте депутаттық бірлестік құру ұсынылды

Парламентте Ассамблея тарапынан сайланған 5 сенатор бар.

Олар партияларды, ортақ іске жұмылдыруға атсалысуы керек. Президент мемлекеттік органдардың басшылары да Ассамблея өкілдерімен тұрақты кездесіп отыруы керек деді. Мемлекет басшысы министрліктердің, мекемелердің, аймақтардың, Парламенттің және Президент Әкімшілігінің басшылары қатарындағы Ассамблея мүшелерінің, өзара тығыз байланыста болуының, айрықша мәніне тоқталды.

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Партияларды ортақ іске жұмылдырудың тағы бір маңызды жолы Парламентте депутаттық бірлестік құру. Ассамблеядан сайланған бес сенатор бұл шаруаның басы-қасында жүруі керек. Этносаралық қатынас саласындағы өзін өзі басқару институттарын дамыту маңызды міндеттің бірі. Ассамблея бұл жұмысты этномәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіру арқылы атқаруда».