Бүгін CCTV телеарнасынан Қ. Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі

Бүгін Қытайдың CCTV телеарнасынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі.

Президент Leaders Talk бағдарламасында Қазақстанның көрші елмен саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының дамуына тоқталады. Қазақ-қытай қатынасының тарихы мен бүгініне, жаһандық және өңірлік саясатқа қатысты сұрақтарға жауап береді. Leaders Talk – халықаралық проблемалар талқыланатын бағдарлама. Бұған дейін бұл жобада 20-дан астам мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымның жетекшілері эксклюзивті сұхбат берген.

Атап өтейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 17-ші мамырда Қытайға мемлекеттік сапармен барады.