Нұртай Сабильянов Семей полигонынан зардап шеккендер туралы мәселе көтерді
Семей ядролық сынақтарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін үстемеақының барлық түрін екі есеге ұлғайту қажет.
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов осындай ұсыныс тастады. Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған ол, еңбекақы және жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс тек зардап шеккен аймақтарда тұратын азаматтарға ғана берілетінін айтты. Ал өзге өңірге көшіп кеткен адам бұл жәрдемақыдан қағылады. Айтуынша, зейнетақыға үстемеақы радиациялық қауіпі өте жоғары аймақтарда тұрақты тұратындар мен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға ғана беріліп келген. Сондай-ақ депутат ядролық сынақ зардабын көргендердің міндетті медициналық сақтандыру жарналарын мемлекет төлеуі қажеттігін айтты.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Полигоннан зардап шеккен азаматтардың барлығы кешенді медициналық тексерулерден өткізілмеген. Оларды есепке алу ісі толық жүргізілмегене. Көпшілігі оңалту орталықтарында емделуге қол жеткізе алмай отыр. Бұл мәселені кешенді түрде шешу керек. 36,56 Полигоннан зардап шеккен азаматтардың зейнетке шығу жасын ең өзекті мәселенің бірі.