Сианьда Қазақстан логистика орталығының іргетасы қаланды

Мемлекет басшысы Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Президент салтанатты рәсімге қатысушыларды құрылыстың басталуымен құттықтап, аталған жобаның маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы осыдан 10 жыл бұрын Астанада Си Цзиньпин мырза Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуін құруды ұсынғанын және бүгінгі іс-шара Қытай төрағасының сол бастамасымен толық үндесетінін атап өтті. Қазақстан көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән береді. Сол себепті Қазақстан жаһандық жобаға барынша қолдау көрсетті. Келесі жылдан бастап құрғақ порт арқылы электроника, компьютер бөлшектері, автомобильдер мен автобөлшектер және тағы да басқа тауарларды тасымалдау жоспарланып отыр.